Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне ұсыныс жасады

Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне Бакуде бас қосуды ұсынды.

1965522
Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне ұсыныс жасады

Әзербайжан Қарабахтағы армян қауымы өкілдеріне аймақтағы интеграция және инфрақұрылым жобаларын талқылау үшін Бакуде бас қосуды ұсынды.

Әзербайжан президенттік аппаратының мәлімдемесіне қарағанда 1 наурыз күні Ходжалыда өткен кездесудің 13 наурыз күні ұсынылған шақырудың жалғасы ретінде Бакудегі армян қауымы өкілдеріне сәуір айының бірінші аптасы кездесу өткізу ұсынылды.

Жиналыста армян қауымдастығының Әзербайжанға интеграциясы мен Қарабахтағы инфрақұрылымдық жобалардың талқыланатыны атап көрсетілді.

Әзербайжан билігі 1 наурыз күні Ходжалыға уақытша орналасқан Ресей әскерлерінің штаб-пәтерінде армян қауымы өкілдерімен бас қосқан еді.

Әзербайжан 13 наурыз күні кейінгі жиналыстың Бакуде өткізуді ұсынған, дегенмен бұл ұсыныс қабылданбаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар