Қазақстан отандық футболдағы жаңа тарихтың парағын ашты

Қазақстан өз алаңында Дания құрамасын 3-2 есебімен жеңді.

1965274
Қазақстан отандық футболдағы жаңа тарихтың парағын ашты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Даниялықтар сапында Расмус Хейлунд дубль авторы атанды. Ал екінші таймда қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.  86-минутта команда капитаны Асхат Тағыберген Каспер Шмейхель қорғаған қақпаның тоғыздығына допты топ еткізіп, таразы басын теңестірді.

Араға 3 минут салып Абат Айымбетов кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы бұл топта 3 ұпаймен әзірше 4-орында тұр.

Топтағы алғашқы ойында Словениядан 2:1 есебімен ұтылып қалған Қазақстан бұл жеңіспен 3 ұпай еншіледі.



Ұқсас жаңалықтар