Түрікменстанда сайлау болады
Халық жексенбі күні депутат, халық мәжілісі және жергілікті әкімшілік органдарының өкілдерін сайлайды.

Түрікменстанда халық жексенбі күні депутат, халық мәжілісі және жергілікті әкімшілік органдарының өкілдерін сайлайды.
Ел көлемінде 2 мың 644 сайлау учаскесінде дауыс беріледі. Сайлау үшін шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде 42 сайлау округі құрылады.
Түрікменстан мәжілісінде 125 депутат, Ашхабат және облыстық халық мәжілісінде 240 мүше, аудан және қалалық халық мәслихаттарында 960 мүше мен жергілікті басқару органдарында 5 мың 897 мүше бар.
Депутаттық сайлауда биліктегі Түрікменстан Демократ партиясы, Түрікменстан өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы мен Түрікменстан Егіншілік партиясы, барлығы 3 саяси партияның және азаматтық инициатива топтарының кандидаттары бақ сынайды.
Барлығы 258 кандидат мәжілістегі 125 орын үшін жарысады. Сайланатын депутаттар 5 жыл қызмет атқарады.
Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы қабырға құлады
Өзбекстан мен Қырғызстан ортақ шекарасының Бекабад-Ханабад өткелінде тұрғызылған қабырға құлатылды.