Әзербайжан Түркияда тұрғын үй салады

Байрамов Халықаралық Донорлар конференциясына қатысты.

1962726
Әзербайжан Түркияда тұрғын үй салады

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақта 100 миллион долларлық тұрғын үй, мемлекеттік ғимарат және білім ошағы салатындарын білдірді.

Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Хабарламаға қарағанда Байрамов Еуропа Одағы комиссиясы және ЕО кезекті төрағасы Швеция ұйымдастырған Халықаралық Донорлар конференциясына қатысты.

Конференцияда сөз сөйлеген министр жер сілкінісінен кейін Түркияға 940 адамдық құтқарушы, медициналық қызметкер және еріктілер тобын жолдағандарын айтты.  Ол Түркияға 5 мың 300 тонна гуманитарлық көмек жеткізгендерін және қатысты органдардың есепшоттарына 45 миллион доллар жібергендерін атап көрсетті.

Әзербайжанның бұдан былай да бауырлас Түркияның жанында болатынын, жер сілкінісінен кейін қайтадан құру жұмыстарына материалдық және техникалық қолдауын жалғастыратынын білдірген Байрамов «Әзербайжан аймақта 100 миллион долларлық үй, мемлекеттік ғимарат және білім ошағы салады» деді.



Ұқсас жаңалықтар