Қырғыз оқушылары түрік балаларына қол ұшын берді
Қырғыз оқушылары жіберген ойыншықтар зардап шеккендерге таратылды.
Қырғызстанның Нарын қаласындағы Ататүрік балабақшасының оқушылары жіберген ойыншықтар 6 ақпанда болған жер сілкінісінің орталығы Кахраманмарашта аман қалған балаларға жеткізілді.
Ел астанасы Анкарадағы Әлия Иззетбегович саябағында құрылған шатырлы қалашықта Этимесгут аудан әкімшілігі балаларға арналған бағдарлама ұйымдастырды.
Ерікті мұғалімдерден құралған театр ұжымы ұсынған қойылымнан кейін қырғыз оқушылары жіберген ойыншықтар зардап шеккендерге таратылды.
Этимесгут аудан әкімшілігінің баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі басшылы Исмаил Шахин «Бұл жұмыстың рухани мәні өте зор. Материалдық байлықтан гөрі түрік бауырластығы басты орын алуда. Әзербайжандық бір ағайынның жер сілкінісі болған күні таңертең төсегі мен көрпесін бір көне көлігіне тиеп жер сілкінісі болған аймаққа келгені сияқты, қырғыз оқытушылары ойыншықтар жіберіп отыр. Олар түрік балаларының қайғыларын бөлісуде. 350 миллион түрік әлемі де осындай қайғыны бастан кешіруде» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесті
Кездесуде көпқырлы ынтымақтастық, жасыл энергетика, логистика, «Орта дәліз» мәселелері қарастырылды.
Әзербайжаннан Ресейге наразылық нотасы
Шешенстанда ұсталған үш Әзербайжан азаматына байланысты наразылық нотасын жолдады.