Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті
Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) кезектен тыс саммиті бүгін Анкарада жүзеге асты.
ТМҰ-на мүше елдердің көшбасшылары Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты кезектен тыс күн тәртібімен бас қосты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Президент Ердоған Қазақстан Президенті Тоқаевты елорда Анкарадағы Президенттік сарайфына келгенде қарсы алды.
Тарихта құрылған 16 түрік мемлекетін бейнелейтін тулар мен сарбаздар да орын алған жиында Ердоған мен Тоқаев баспалдақта Түркия мен Қазақстан туларының алдында қол алысып, журналистерге суретке түсті.
Президент Ердоған Президенттік сарайында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен де бөлек кездесті.