"Жасанды шиеленіс тудыруға тырысуда"
Әзербайжан Қорғаныс министрлігіЕреван әкімшілігінің аймақта жасанды шиеленіс тудыруға әрекеттенгенін мәлімдеді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының Әзербайжан позицияларына оқ жаудырғанын жариялап, Ереван әкімшілігінің аймақта жасанды шиеленіс тудыруға әрекеттенгенін мәлімдеді.
Министрлік жасаған мәлімдемеде кеше сағат 21.30-дан бүгін 04.15-ке дейін Әзербайжан-Армения шекарасы мен Қарабах аймағындағы Әзербайжан армиясының позицияларына Армения армиясы мен заңсыз армян күштері тарапынан 23 рет оқ атылғаны білдірілді.
Әзербайжан армиясының да жауап қайтарғаны хабарланды. Мәлімдемеде «Армения қарулы күштері біздің бекіністерімізге жүйелі түрде оқ жаудыру арқылы әскерімізді жауап беруге арандатып, шекарадағы Еуропалық Одақтың азаматтық миссиясы өкілдерінің арасында жалған пікір тудырып, шекарада жасанды шиеленіс тудыруға тырысуда. Армения тарапынан болуы мүмкін арандатушылықтар мен оның салдарынан болған адам шығыны үшін барлық жауапкершілік Ереван әкімшілігіне жүктелетінін тағы бір рет мәлімдейміз» деп айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда үкімет өкілеттігін доғарды
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Әлихан Смайылов үкіметі өз міндеттерін атқаратын болды.