Бердімұхаммедов Ердоғанды құттықтады

1954 жылғы 26 ақпан күні туған президент Ердоғанды кеше әлеуметтік желіден де құттықтаушылар көп болды.

1952159
Бердімұхаммедов Ердоғанды құттықтады

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов президент Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтады.

«Түрікменстан» газетінің хабарына қарағанда, Бердімұхаммедов президент Ердоғанға құттықтау жолдап, денсаулық, бақыт тіледі.

Құттықтауында президент Ердоғанның Түрікменстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлкен үлес қосқанын білдірген Бердімұхаммедов «екі жақты достық пен бауырластық қатынастарымызға үлкен мән береміз.  Болашақта екі ел халықтарының мүддесі аясында одан әрі дамиды деп сенеміз» деді.

Айырықша Түрікменстан Халық мәжілісінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов та президент Ердоғанды туған күнімен құттықтап, екі ел ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

1954 жылғы 26 ақпан күні туған президент Ердоғанды кеше әлеуметтік желіден де құттықтаушылар көп болды.

Ресей президенті Путин, Өзбекстан президенті Мирзиеев пен Сербия президенті Вучич те Ердоғанды құттықтаған еді.



Ұқсас жаңалықтар