Блинкен Қазақстанға барады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарлай барады.

1951114
Блинкен Қазақстанға барады

АҚШ  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 2023 жылдың 28 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарлай барады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінен жасалған жазбаша мәлімдемеде айтылғандай Блинкен 28 ақпанда Қазақстанның бас қаласына барады және жоғары лауазымды қазақстандық басшылармен екіжақты ынтымақтастықты талқылайды.

Мәлімдемеде Блинкеннің кейін Орталық Азияның 5 елі, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан және АҚШ-тан тұратын С5+1 тобының министрлер отырысына қатысатыны білдірілді.

Сонымен бірге С5+1 кездесуі аясында аймақтық және екіжақты мәселелерді талқылау мақсатымен осы елдердің сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

Блинкен Астанадан кейін Өзбекстанның астанасы Ташкентке барады. 1 наурызда ол Үндістан астанасы Нью-Делиге барады.



Ұқсас жаңалықтар