Садыр Жапаров қырғыз құтқарушыларға алғыс айтты

Президент құтқарушыларды марапаттауды тапсырды.

1950138
Садыр Жапаров қырғыз құтқарушыларға алғыс айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 6 ақпан күні болған Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Түркияға барып іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан командаға алғыс айтты.

Президент Жапаров Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеевті қабылдады. Министр президентке министрліктің іздеу-құтқару жұмыстары туралы ақпарат берді.

Жапаров Түркияда болған табиғи апаттың ауыр зардаптарға жол ашып, бауырлас мемлекетке үлкен шығын әкелгенін айтты.

«Бұл ортақ қайғы Түркия халқына көмек қолын созу үшін баршаны бірлестірді. Мен құтқару тобының мүшелеріне кәсіби, жақсы үйлестірілген және тиімді жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді» деді президент. Жапаров Әжікеевке іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан адамдарды марапаттауды тапсырды.

Министр Әжікеев ТЖМ тарихында бірінші рет іздеу-құтқару жасағының шетелдегі жұмыстарға қатысқанын айтты. "Қырғызстанның іздестіру-құтқару жасағы өз өмірін қатерге тігіп, үйінді астында қалғандарды аман алып қалуға тырысты. Құтқару жұмыстары кезінде 8 адамды, оның ішінде балаларды құтқарып, 198 адамның денесін алып шықты. 124 шатырдан тұратын қалашық құрдық» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар