Спектакльден түскен табысты Түркияға аударды

32 жылдық театрдың 400-ге жуық қызметкері Түркияға қолдау көрсетті.

1950103
Спектакльден түскен табысты Түркияға аударды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры Түркияның қайғысына ортақ болды.

Театр әртістері «Алтайдан ауған ел» спектаклінен түскен табысты жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде жіберді.

Өнерпаздар әлеуметтік желі арқылы Түркияға көңіл айтты.

Театрдың директоры Айболат Жаудыр  «Бұл жер сілкінісі Түркия үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін апат. Бауырлас Түркиядан келген бұл хабарға қатты қайғырдық. Ұжым болып аз да болса қолдау көрсеткіміз келді. «Алтайдан ауған ел» атты қойылымымыз Түркияға қоныс аударған азаматтарымыздың тарихын баяндайды. Қиын-қыстау күндерде әрқашан қасымызда болған Түркияға осылай қолдау көрсеттік» деді.

32 жылдық театрдың 400-ге жуық қызметкері Түркияға қолдау көрсетті.

Театр ұжымы Түркияның тезірек қайта тыныштық табуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар