Құтқарушылар Қазақстанға оралды

Астанада оларды түрік елшісі қарсы алды.

1948625
Құтқарушылар Қазақстанға оралды

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін көмекке келген  қазақстандық құтқарушылар тобы Қазақстанға оралды.

Міндеттерін ойдағыдай атқарған қүтқарушыларды Алматы және Астана әуежайларында Түркия елшілігі мен бас консулдығының қызметкерлері, туыстары мен қала тұрғындары Қазақстан және Түркия туларымен қарсы алды.

Астанаға келіп қонған ұшақпен келген қазақ іздестіру-құтқару тобын Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Екиджи мен Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, сондай-ақ отбасы мүшелері, әріптестері және баспасөз өкілдері  қарсы алды.

Министр Ильин Түркияда екі аптаға жуық уақыт бойы іздестіру-құтқару жұмыстарында көрсеткен қаһармандық және кәсіби еңбектері үшін құтқарушыларға алғысын білдіріп, командаға көмектесіп, жанқиярлық еңбек көрсеткен үш іздеу-құтқару итіне медаль табыс етті.

Т.Р. Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдірді.

Қазақстандық құтқарушы топтар 7 адамды үйінді астынан аман алып қалды.  88 адамның жансыз денесін шығарды, оның 10-ы балалар.



Ұқсас жаңалықтар