Қырғызстан Түркияның жанында
Садыр Жапаров президент Ердоғанға телефон шалды.
1943544

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров президент Ердоғанға телефон арқылы хабарласып, жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін көңіл айтты. Ол құрбандардың жақындарына сабыр, жараланғандарға шипа тіледі.
Қырғызстанның осы қиын сәтте бауырлас Түркиямен бірге екенін айтқан Жапаров қосымша гуманитарлық көмек түрінде қолдан келген қолдауды көрсетуге дайын екенін жеткізді.