Әзербайжанда операция жүріп жатыр

«Сепаратистік әрекетпен айналысты» деген себеппен 39 адам ұсталды.

1940645
Әзербайжанда операция жүріп жатыр

Әзербайжанда Иранның барлау желісіне қарсы жүргізілген операцияда 39 адам ұсталды.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, кеше ел астанасы Баку мен кейбір басқа аймақтарда бірқатар мекеме мен жұмыс орындарына қарсы басталған операцияда «сепаратистік әрекетпен айналысты» деген себеппен 39 адам ұсталды.

Аталмыш  адамдардың әлеуметтік желілерде Иранның пайдасына үгіт-насихат жүргізіп, Әзербайжанда секталық күресті бастауды қалайтыны, Иран барлау қызметі берген міндеттерді орындап, ақпараттарды жеткізгені алға тартылды.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі операция жүргізген ұйымдар қатарында ираншыл хабарларымен танымал «SalamNews» ақпарат агенттігі мен «Интераз» телеарнасы бар.



Ұқсас жаңалықтар