Сергей Лавров пен Джейхун Байрамов сөйлесті

Сергей Лавров пен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Лачин дәлізіндегі жағдайды талқылады.

1940446
Сергей Лавров пен Джейхун Байрамов сөйлесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Лачин дәлізіндегі жағдайды талқылады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, Лавров пен Байрамов телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барасында  Байрамов Ресей күштері уақытша орналасқан Әзербайжан аумағындағы шахталардың заңсыз жұмысын тоқтату және Лачын жолын теріс пайдалануды тоқтату туралы наразылықтарда айтылған талаптардың әлі орындалмағанын айтты.

Байрамов Арменияның Әзербайжан территориясын 30 жыл бойы басып алғанына қарамастан, 2-ші Қарабах соғысынан (2020) кейін бірден Әзербайжанның Армениямен қарым-қатынастарын орнату және қалыпқа келтіру үшін ұсыныстар жасағанын түсіндірді. Соынмен қатар  бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін күш салғанын атап өтіп, бұл процеске тосқауыл қойғанын баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар