Астанадан Анкараға тікелей рейс басталады

23 мамырдан бастап рейстер аптасына екі рет ұйымдастырылады.

1939958
Астанадан Анкараға тікелей рейс басталады

Қазақстандық авиакомпания Астанадан Анкараға тұрақты рейс бастайды.

23 мамырдан бастап рейстер аптасына екі рет ұйымдастырылады.

Қазақстандық әуе компания Астанадан Түркия астанасы Анкараға билет сатудың басталғанын хабарлады.

Астана-Анкара рейсі 23 мамырдан басталады. Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері тұрақты орындалатын болады.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пандемиядан кейін Қазақстан 109 бағыт бойынша 29 елге халықаралық рейстерді бастағанын хабарлаған болатын.

Биыл Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Стамбулға, Астана мен Алматыдан Анталияға әуе рейстерін арттыру жоспарлануда.

Жаңа бағыттар аясында Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Астанадан Дохаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар