Шыңжаңда жер сілкінісі

Эпицентрі - Ақсу провинциясының Шаяр ауданы.

1939419
Шыңжаңда жер сілкінісі

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды.

Қытай жер сілкінісі желілері орталығының мәлімдемесіне сәйкес, таңертең магнитудасы 6,1 деп тіркелген жер сілкінісі болды.  Эпицентрі - аймақтың солтүстігіндегі Ақсу провинциясының Шаяр ауданы.

50 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісі салдарынан адам шығыны немесе материалдық шығын туралы әзірге хабарланбады.

Жер асты байлығы мол өңірде электр желілеріне, мұнай және табиғи газ өндіру және мұнай-химия нысандарына ешқандай зақым келмегені хабарланды.

Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 5,7 деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар