Елшілік қызметкерлерін эвакуациялады

Әзербайжан Ирандағы елшілігінің қызметін тоқтатты.

1939445
Елшілік қызметкерлерін эвакуациялады

Әзербайжан Ирандағы елшілігінің қызметін тоқтатты, елшілік қызметкерлерін эвакуациялады.

Ұшақпен ел астанасы Бакуге оралған елшілік қызметкерлері мен олардың отбасыларын Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халеф Халефов пен министрлік өкілдері қарсы алды.

Жұма күні елшілік ғимаратына жасалған шабуылда шейіт болған қауіпсіздік қызметінің бастығы, бірінші лейтенант Орхан Аскеровтің денесі сол ұшақпен Бакуге жеткізілді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Халефов Ирандағы елшілікке жасалған шабуылды лаңкестік әрекет деп бағалады. Халефов “Бұл (шабуыл) қабылданбайды. Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, әрбір мемлекет елдегі елшіліктердің қауіпсіздігіне жауап береді. Иран лаңкестік әрекетке жауапты. Иран өз міндеттемесіне сәйкес лаңкестік әрекетті жан-жақты және ашық түрде тексеріп, қылмыскерлер мен олардың артында тұрған күштерді анықтап, жазалауы керек. Біз мұны Ираннан талап етеміз»  деді.

"Президентіміз қиын болса да Тегерандағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Кез-келген елдегі дипломатиялық қызметті тоқтату - жауапкершілік талап ететін шешім. Бірақ Ирандағы елшілік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан Иранға сеніміміз жоқ» деді ол.  

Көрші елде қызметкерлерінің шейіт болғанына қатты өкінетіндерін баса айтқан Халефов "Ирандағы елшіліктің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. Ғимаратты қорғау үшін ол жерде 5 адам болады, бірақ бұл адамдар дипломатиялық қызмет бермейді. Тебриздегі бас консулдығымыз жұмысын жалғастырады" деді.



Ұқсас жаңалықтар