Әзербайжанның Тегерандағы елшілігіне шабуыл жасалды
Иранның астанасы Тегерандағы Әзербайжанның елшілігіне жасалған қарулы шабуылда бір адам қаза тапты.
1938602

Иранның астанасы Тегерандағы Әзербайжанның елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылда елшіліктің қауіпсіздікке жауапты басшысы қаза тапты.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Баку уақыты бойынша 08:30 шамасында Тегеран елшілігіне қарулы шабуыл жасалғаны хабарланды.
Мәлімдемеде калашников автоматынан оқ жаудырған шабуылшының елшілік қауіпсіздік басшысын өлтіріп, 2 күзетшіні жаралағаны атап өтілді.
Шабуылға қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі
Наурыз тойда түрік әлемінің асханасынан түрлі тағамдар ұсынылып, қазақ әндері шырқалды.