Қазақстандық туристердің жазғы демалыста ең көп таңдаған елі Түркия болды

Түркиядан кейін Біріккен Араб Әмірліктері, Мальдив аралдары, Қырғызстанның Ыстықкөлі және Грузия келеді.

1936376
Қазақстандық туристердің жазғы демалыста ең көп таңдаған елі Түркия болды

Қазақстан қонақүйлер мен мейрамханалары қауымдастығының мәліметтері бойынша, Түркия 2022 жылдың жазында қазақстандық туристердің сүйікті демалыс орны болды.

Жазғы демалыс үшін ең танымал туристік бағыттардың тізімінде Біріккен Араб Әмірліктері, Мальдив аралдары, Қырғызстанның Ыстықкөлі мен Грузия да бар.

2022 жылы Қазақстаннан Грекия, Италия, Катар және Вьетнамға тікелей әуе рейстерінің басталуымен баруға болатын туристік орындардың картасы кеңейді.

2021 жылы Қазақстаннан шетелге сапар шегушілер саны 3 501 000 болса, 2022 жылы 5 557 000-ға жетті. Қазақстан азаматтары қысқы демалыс үшін Тайланд, Египет, Доминикана, Маврикий, Сейшель, Катар, Шри-Ланка және Италияны таңдайды.

Денсаулық туризмі үшін Әзербайжан, Ресей және Шығыс Еуропа елдері, әсіресе Түркияға басымдық берілген.



Ұқсас жаңалықтар