Шетел азаматтарының Қазақстан аумағында қалу мерзімі қысқарды
«Visa Run» Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары үшін жарамсыз болады.
Қазақстанда шетел азаматтарының Қазақстанға келу және болу ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Үкімет енгізген өзгеріске сәйкес, «Visa Run» Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінің азаматтары үшін жарамсыз болады.
2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қазақстанға визасыз келген шетел азаматтары 180 күнтізбелік күн ішінде барлығы 90 күн және бір келген кезде 30 күн бола алады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары 180 күнтізбелік күн ішінде Қазақстанда 90 күн бола алады.
Осылайша ЕЭО азаматтары 90 күндік мерзім өткеннен кейін елде заңды болу мерзімін ұзарту үшін шығып кетіп, бірден қайта кіре алмайды.
90 күндік мерзімнен өткен бұл азаматтар 180 күннен кейін ғана Қазақстанға қайта кіре алады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық туристердің таңдауы – Түркия
Қазақстан қазақстандықтар демалатын елдердің рейтингін жариялады.