«Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» шықты

Профессор Мүхиттин Шимшекке ҚазҰУ-дың «Құрметті профессоры» атағы берілді.

1933703
«Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» шықты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан – Түркия арасындағы тюркологиялық зерттеулерді тереңдетудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми конференция және «Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» атты 20 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан мен Түркияның түркітанушы ғалымдары, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Түркіменстан елдерінің Бас консулдары, ЖОО басшылары, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты.

Алқалы жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы, Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, шараның мәні мен мақсатына тоқталды.

«Конференцияның мақсаты – түркітанудағы зерттеулерді жан-жақты дамыту, қазіргі түркітану ғылымына баға беріп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын қарастыру. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жақында ғана Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институты ашылды. Бұл институт Түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін жан-жақты зерттеп, саралауда үлкен жобаларды бастап кетті», – деді ректор.

Kazakistan_kitap_Farabi-Kazakça_kazakca

Сонымен қатар Жансейіт Түймебаев бүгінде Қазақстан – Түркия қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілгенін айта келе, осы институт аясында екі ел ғалымдарының қатысуымен салыстырмалы-тарихи сөздіктер, түркологиялық энциклопедиялар шығарылып, ғылыми зерттеулер жүргізілетінін жеткізді.

Жиында сөз алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мүхиттин Шимшек бауырлас екі ел арасындағы ортақ түркологиялық зерттеулердің өзектілігіне мән берді. Тұсауы кесіліп, қазақ оқырманына жол тартқан «Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» жинағы жайлы мәлімет берді.

«Кітапта классикалық әдебиет, айтыс, тасаууф, сопылық дәстүрі және танзимат дәуірінен кейінгі заманауи түрік әдебиеті толығымен қарастырылды», – деді профессор.

Кітап негізінен Анадолыдағы селчуктармен басталып, Османдықтармен жалғасып, бүгінгі күнге жеткен әдеби жинақты қоғаммен бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Сонымен қатар ескі ұйғыр, Қарахан, Хорезм-Қыпшақ, Шағатай және Әзербайжан есімдері мен атаулары да енгізілген.

Kazakistan_kitap_Farabi-Kazakça_kazakca

Конференция барысында Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мүхиттин Шимшекке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Құрметті профессоры» атағы беріліп, Әл-Фараби төсбелгісімен марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар