Қазақстан президенті Қаңтар оқиғасына арналған мемориалды ашты
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында жұмыс сапармен болды.

Қазақстан президенті Алматыда Қаңтар оқиғасына арналған мемориалды ашты
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысты.
Президент стеллаға гүл шоғын қойған соң қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Артынша Мемлекеттік гимн орындалды.
Мемлекет басшысы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі шараның Қазақстан үшін айрықша мәні бар екенін атап өтіп, қасіретті қаңтардан бері бір жылға жуық уақыт өткенін, бұл тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиғаның бірі болғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын атап өтіп, Алматыда «Тағзым» мемориалын орнатуды жөн көргенін жеткізді.
Мемлекет басшысы қандай жағдай болса да, еліміз реформа жолымен ілгері дами беретінін жеткізді.
Президент сөзін қорытындылай келе қаңтар оқиғасы барша үшін үлкен сабақ болғанын айтты.