"Зенгезур дәлізі 2024 жылы аяқталады"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабах жеңісінің нәтижелеріне тоқталды.

1918978
"Зенгезур дәлізі 2024 жылы аяқталады"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабахта Арменияны жеңіп алу аймақта жаңа көлік жобаларына мүмкіндік туғызғанын мәлімдеді.

Әлиев Түрікменстанның Аваза аймағында өткен Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан президенттерінің бірінші саммитінде сөз сөйледі.

Әзербайжанның Түркиямен де, Түрікменстанмен де саяси қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екеніне назар аударған Әлиев Түркиямен қол қойылған "Шуша декларациясымен" қарым-қатынастарын стратегиялық одақтастық өресіне көтергеніне назар аударды.

Әзербайжан, Түркия және Түркіменстанның көлік және логистика саласында үлкен табысқа қол жеткізгенін атап өткен Әлиев:

"Осы жаңалықтар көлік байланысы үшін тың мүмкіндіктер жаратады. Үш елде де осы салаға салынған инвестиция заманауи инфрақұрылымның құрылуына ықпал жасады. 2022 жылдың алғашқы 10 айында Әзербайжан арқылы өтетін жалпы транзиттік көлік көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80 пайыздан астамға өсті» деп көрсетті.

Әлиев Зенгезур дәлізін ашу үшін жұмыс істеп жатқандарын білдіріп:

«Зенгезур дәлізінің Әзербайжан арқылы өтетін бөлігінде темір жолдың 40 пайызы және автомобиль жолының 70 пайызы аяқталды. Жұмыстар 2024 жылы бітіп, ең соңында жаңа көлік дәлізі құрылады» деді.

Әзербайжан президенті:

"2020 жылы 44 күндік соғыстағы жеңістің нәтижесінде территориямыз Арменияның 30 жылдық жаулап жатуынан азат етілді. Қарабах мәселесі шешілді және бұл жеңіс аймақтағы жаңа көлік жобаларына қолайлы мүмкіндік туғызды" деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар