Әзербайжандық активисттер Шушада наразылық шеруі бастады

Шерушілер Ресей бақылауындағы Әзербайжан жерінен алтын кенін шығару жұмыстарының тоқтатылуын талап етуде.

1917831
Әзербайжандық активисттер Шушада наразылық шеруі бастады
azerbaycan stk susa protesto.jpg
azerbaycan stk susa protesto.jpg

Әзербайжанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі азаматтық қоғам өкілдері мен активисттері армян халқы тұратын және уақытша Ресей күштері орналасқан Әзербайжан аумағындағы шахталардың заңсыз жұмыс істеуін тоқтату үшін Шуша маңында наразылық акциясын бастады.

Шуша маңындағы Ханкенді мен Арменияны байланыстыратын жолдың бойында орыс әскерлерінің бақылау бекетінде наразылық шерулері басталған жол жабылып, шерушілер шатырлар тікті.

Қарабахтағы армян халқы тұратын аймақта шахталардың заңсыз жұмыс істеуі мен соның салдарынан қоршаған ортаға келтірілген зиянның алдын алынуын талап еткен шерушілер Ресей күштерінің қолбасшысы Андрей Волковтың аймаққа келуін талап етті.

Ресейлік күштер қолбасшылығымен өткен аптада жүргізілген келіссөз нәтижесінде Әзербайжан мамандарының армяндар қоныстанған Әзербайжан аумақтарындағы «Қызылбұлақ» алтын мен темір мыс кенішін тексеруі туралы келісімге келген болатын.

Мамандар аймаққа барғанымен олардың шахтаға кіруіне армяндар кедергі жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар