Татар "Түрік әскері қауіпсіздігіміздің кепілі" деді

Ерсин Татар Кипр түрік халқының қауіпсіздігінің тек түрік әскерлерінің аралда болуымен қамтамасыз етілетінін айтты.

1915932
Татар "Түрік әскері қауіпсіздігіміздің кепілі" деді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Ерсин Татар Кипр түрік халқының қауіпсіздігінің тек түрік әскерлерінің аралда болуымен қамтамасыз етілетінін айтты.

Баспасөзге берген бағасында Татар Жерорта теңізінің шығысындағы табиғи газ, көмірсутегі, энергетика және басқа салалардағы өзгерістердің СКТР-ның аймақтағы саяси және стратегиялық құндылығын арттырғанына назар аударып, осы тұрғыдан алғанда елдің әуе  және теңіз кеңестігі салаларында үстімдігінің маңыздылығына назар аударды.

Татар осы себепті СКТР-дағы кейбір аймақтардың қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттарын орналастыру үшін Түрік Қарулы Күштеріне берілгенін және түрік әскерінің  СКТР-ның қауіпсіздігінің кепілі екенін түсіндірді.  

Татар Кипр Понти әкімшілігінің жақында қарулану бағдарламалары мен Америка Құрама Штаттарының гректерге қарсы қару эмбаргосын жоюы үшін бөлген бюджетін бағалады.

Татар «Кипр Понти әкімшілігі соңғы 3 жылда қару-жараққа 500 миллион еуро жұмсады. Бірақ Түркия Республикасына қарсы бұл әрекеттер нәтижесіз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар