Қырғыз ақсақалдар шетелдегі қырғыздардың елге қайтуын сұрады

Президент Садыр Жапаров 25-26 қарашада ел астанасы Бішкекте өткен 1-ші Халық құрылтайының Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін қабылдады.

1912818
Қырғыз ақсақалдар шетелдегі қырғыздардың елге қайтуын сұрады

Қырғыз ақсақалдары үкіметтен шетелдегі қырғыздардың атамекеніне оралуын қамтамасыз етуді талап етті.

Президент Садыр Жапаров 25-26 қарашада ел астанасы Бішкекте өткен 1-ші Халық құрылтайының Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін қабылдады.

Ақсақалдар кеңесінің мүшелері тұңғыш рет халық құрылтайын ұйымдастырып, саяси ерік-жігер танытқан Президент Садыр Жапаровқа  алғыстарын білдірді.

Үкіметке 2050 жылғы мақсаттарын қамтитын Даму бағдарламасын әзірлеуді ұсынған мүшелер аталған бағдарлама аясында иммигранттарды отандарына қайтаруды да талап етті.

Ресми деректерге қарағанда шамамен 7 миллион халқы бар Қырғызстан азаматтарының 600 мыңнан астамы Ресейде, 30 мыңы Қазақстанда, 30 мыңы Түркияда иммигрант ретінде өмір сүруде.



Ұқсас жаңалықтар