Армян әскерлерінің денесін тапсырды

Әзербайжан 13 армян әскерінің денесін Арменияға тапсырды.

1912063
Армян әскерлерінің денесін тапсырды

Әзербайжан 12-13 қыркүйекте екі ел арасында болған қақтығыста қаза тапқан 13 армян әскерінің денесін Арменияға тапсырды.

Әзербайжан Тұтқын, хабарсыз кеткен және кепілге алынған азаматтардың ісі бойынша мемлекеттік комиссиясы жасаған мәлімдемеде 12-13 қыркүйек күндері қақтығыс болған аймақта қаза тапқан армян әскерлерінің денелерінің іздестірілгені атап өтілді.

Мәлімдемеде іздестіру нәтижесінде табылған 13 армян әскерінің денесін Әзербайжан Әскери прокуратурасы қызметкерлері тексеріп, мәйіттерде зорлық-зомбылық ізінің табылмағаны анықталғаннан кейін олардың Халықаралық Қызыл Крест ұйымы арқылы Арменияға тапсырылғаны хабарланды.

Әзербайжан қыркүйек айында Арменияға 127 мәйіт жеткізген болатын.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні Әзербайжанның Дашкесен, Келбажер, Лачин және Зангилан бағыттарында армян күштерінің кең ауқымды арандатуы нәтижесінде қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.

Дипломатиялық байланыстардың нәтижесінде 2-ші Қарабах соғысынан кейінгі ең үлкен қақтығыста Әзербайжан мен Арменияның атысты тоқтату туралы келісімге келгені білдірілді. Әзербайжан 80 сарбазының шәйіт болғанын, Армения қаза тапқан армян әскерлерінің санын 207 деп жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар