Түрікменстан Сыртқы істер министрі Анкарада

Мередов пен Чавушоғлу кездесті.

1911975
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Анкарада

Түркіменстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркияның Түрікменстан ұсынған маңызды халықаралық ұсыныстарды әрқашан қолдайтынын айтты.

Мередов пен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бас қала Анкарада кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Кездесуде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың талқыланғанын атап көрсеткен Мередов аймақтық және халықаралық мәселелерде де пікір алмасылғанын айтты.

Мередов екі елдің әлеуетін қозғалысқа салу жөнінде келіскендерін білдіріп, халықаралық мекемелердегі ынтымақтастыққа тоқталды. Ол  Түркияның Түркіменстанның соңғы 15 жылда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына ұсынған 17 қарарын қолдайғанын білдірді.

Мередов Түркияның қолдауы үшін алғыс айтты.

"Бүгінде Түркіменстан мен Түркия маңызды халықаралық саясат мәселелері бойынша ұқсас немесе жақын көзқарастарын білдіруде. Түркия Түркіменстан ұсынған маңызды халықаралық ұсыныстарды әрқашан қолдап келеді. Түрік бауырларымызға Түркіменстанның бейтараптық саясатына және халықаралық ұсыныстарына жақыннан қолдау көрсеткені үшін тағы да алғыс айтамыз» деді ол.

Түркіменстанның да халықаралық ұйымдар алдында Түркияның бастамалары мен ұсыныстарын қолдайтынын атап көрсеткен Мередов Стамбул саммитінде елінің Түрік мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) бақылаушы мүше болғанын еске салды.

Түркіменстанда өтетін Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан үшжақты мемлекет басшылары саммитіне тоқталған Мередов үш елдің бұл халықаралық форматтан пайда көретінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар