Тоқаев ант береді

6 үміткер бақ сынаған сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинаған Тоқаев жеңіске жетті.

1909477
Тоқаев ант береді

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинап, қайта сайланды.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын жариялады.

Сәйкесінше 6 үміткер бақ сынаған сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинаған Тоқаев жеңіске жетті.

Тіркелген 12 миллион сайлаушының 8 миллион 300 мыңы дауыс беруге қатысты. Сайлауда қазіргі президент Тоқаевқа 6 миллион 456 мың 393 адам дауыс берді.

Жигули Дайрабаев 3,42 пайыз (271 мың 641 адам), Қарақат Әбден 2,60 пайыз (206 мың 206 адам), Мейрам Қажыкен 2,53 пайыз (200 мың 907 адам), Нұрлан Әуесбаев 2,22 пайыз (176 мың 116 адам) және Салтанат Тұрысбекова 2,12 пайыз (168 731 адам) дауыс жинады.

Сайлаушылардың 5,8 пайызы (460 мың 484 адам) бірінші рет бюллетеньде орын берілген «бәріне қарсымын» опциясын белгіледі.

Тоқаев 26 қарашада елорда Астанада ант береді.



Ұқсас жаңалықтар