Боррель Астанада бірқатар кездесу өткізді

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Астанада бірқатар кездесу өткізді.

1907483
Боррель Астанада бірқатар кездесу өткізді

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық компаниялар  Қазақстанмен қарым-қатынастарды тереңдетіп, нығайтуды қалайтындарын айтты.

Боррель Қазақстанның бас қаласы Астанада бірқатар кездесу өткізді.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Боррель Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Одан кейін Боррельді Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Тоқаев бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін айтты.

ЕО-мен жоғары деңгейдегі байланыстарды құптайтындарын айтқан Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы соңғы кезеңдегі маңызды сапарлармен екіжақты ынтымақтастықтың көптеген салаларында өзара түсіністікке қол жеткізілгенін атап өтті.

Боррель болса Ақордадағы кездесулерден кейін министр Тілеубердімен баспасөзге мәлімдеме жасады.

Еуроодақтың Орталық Азияға салған инвестициясының 60 пайызы қазір Қазақстанға келгенін айтқан Боррель «ЕО Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Біз қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетіп, нығайтуды қалаймыз» деген сөздер қолданды.

ЕО-ның 160 миллиард доллармен елінің ең үлкен инвестициялық серіктестерінің бірі екеніне назар аударған Тілеуберді ЕО-мен ауыл шаруашылығы, жасыл экономика, энергетика, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты әртараптандыруды мақсат ететіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар