СКТР-ның 39 жылдық мерейтойы

Мерейтой СКТР  президенті Ерсин Татардың жолдауы және 21 рет зеңбірек атумен басталды.

1906661
СКТР-ның 39 жылдық мерейтойы
kktc kurulus yil donumu kutlamalari.jpg
kktc kurulus yil donumu kutlamalari2.jpg
kktc kurulus yil donumu kutlamalari1.jpg

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 39 жылдық мерейтойы ел көлемінде салтанатты түрде тойлануда.

15 қараша Республика мерейтойы СКТР  президенті Ерсин Татардың жолдауы және 21 рет зеңбірек атумен басталды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы мерейтой рәсімдеріне Президент Режеп Тайып Ердоған атынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Мұстафа Шентоп қатысуда.

Бағдарлама аясында Никосия Ататүрік ескерткішінде рәсім ұйымдастырылды. Бір минут үнсіздіктен кейін Мемлекеттік Әнұранның сүйемелдеуімен тулар көтерілді.

Арнайы дәптерге қол таңбасын қойған Президент Татар: «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Кипр түрік халқының еркіндігінің, тәуелсіздігінің мен егемендігінің ең жоғарғы деңгейіне өкілдік еткен кезде, негізінде халқымыздың еңбектері, қасиетті шейіттеріміздің жаны, ардагерлеріміздің төккен  қаны бар» деп  жазды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркияның көмегі және қолдауымен күрестерін жалғастырғанын атап көрсеткен Татар азаматтардың өз мемлекетінің шаңырағы астында «еркін және қорықпай» өмір сүретінін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар