Әзербайжанды Жеңіс күнімен құттықтаймыз

Түркия Әзербайжанды Жеңіс күнімен құттықтады.

1903692
Әзербайжанды Жеңіс күнімен құттықтаймыз

Сыртқы істер министрлігі  Әзербайжанның басып алған жерлерін азат ету күнін тойлайтын 8 қараша Жеңіс күніне орай хабарлама таратты.

Министрліктің мәлімдемесінде «Жаулау астындағы территорияларды батырлық күрестің нәтижесінде азат еткен бауырлас Әзербайжанды 8 қараша Жеңіс күнімен құтттықтаймыз» деген сөздер қолданды.

Мәлімдемеде «Түркия Оңтүстік Кавказда қауіпсіздік, тұрақтылық және ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде оккупациядан азат етілген жерлерді қалпына келтіру үшін Әзербайжанмен толық ынтымақтаса және үйлестіре әрекет етуді жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар