Түрік елінің бас қаласында қазақ көрмесі
Анкарада қазақтың дәстүрлі қол өнерінің таңдаулы үлгілерінен құралған көрме ашылды.









Анкара қаласында қазақтың дәстүрлі қол өнерінің таңдаулы үлгілерінен құралған көрме ашылды.
Түркияның Анкара қаласында "Көк ту" Қазақ мәдениеті қоғамы және Түрік мәдениетінің Халықаралық ұйымыТүріксойдың ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен "Бабалар мұрасы " атты шығармашылық көрме ашылды
Аднан Өтүкен атындағы қалалық кітапхананың залында өткен көрмеде Қазақстан Республикасының көркем еңбек пәні ұстаздары мен кәсіби суретшілері Кодеков Қанағат, Кулжабаев Есенкелді, Бостан Айбек, Естеусіз Тоғжан, Ақылбай Айгерім және Қалиева Томиристің еңбектері таныстырылды.
Қазақ қолөнер және бейнелеу өнерінің майталмандарының туындыларын тамашалауға Түркиядағы қандастар, қазақстандық студенттер, түрік зиялы қауым өкілдері мен Анкара тұрғындары келді.