Тоқаев Астанада шетелдік өкілдермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның аймақтық және жаһандық ауқымдағы маңыздылығы біртіндеп артып келе жатқанын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның аймақтық және жаһандық ауқымдағы маңыздылығы біртіндеп артып келе жатқанын мәлімдеді.
Тоқаев елорда Астанада жұмыс істейтін шетелдік миссия басшыларымен және дипломаттармен кездесті.
Тоқаев 20 қарашада өтетін кезектен тыс президенттік сайлаумен қалыптасатын жаңа басқару үлгісімен биліктің жүйелі түрде ауысуы қамтамасыз етілетінін және Қазақстанның демократиялық мемлекетке айналуы үшін қадамдар басылатынын білдірді.
Ашық экономика ережесін ұстану жолымен әлемнің 180 елімен сауда қарым-қатынастарын жалғастыратындарын атап көрсеткен Тоқаев:
«Қазіргі экономикалық дағдарысқа қарамастан, шикізатты есептемегенде экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті. Біз шетелдік инвестицияларды тартуда Орталық Азиядағы жетекші мәртебемізді одан әрі нығайтуға бел байладық» деді.
Қазіргі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы автомобиль тасымалының 80 пайыздан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтетініне тоқталған Тоқаев Транскаспий бағытының (Орталық дәліз) энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстанның БҰҰ ережелеріне сай халықаралық құқыққа негізделген мемлекеттердің теңдігі, егемендігі мен территория тұтастығы құқықтарын қорғауды жалғастыратынын айтқан Тоқаев бұл тұрғыда барлық мемлекеттермен және ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін баса көрсетті.
Тоқаев Орталық Азияның өңірлік және жаһандық ауқымдағы маңыздылығына назар аударып:
«Бұл «С5+» форматындағы серіктестерімізбен ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қазір Орталық Азия мемлекеттері көптеген елдермен және аймақтық ортақтары АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Ресей, Еуропалық Одақпен белсенді түрде жұмыстана бастады» деп көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азияның жетекші экономикасы ретінде өңірлік дамуға өө үлесін қосатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Джевдет Йылмаз Түрікменстанға барады
Йылмаз ертең Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.