Қаңтар оқиғасы қатысушыларына рақымшылық жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды.

1901970
Қаңтар оқиғасы қатысушыларына рақымшылық жарияланды

Қаңтар оқиғасы кезінде арандатушылар ықпалына түсіп, қылмыс жасадар "Рақымшылық жасау" туралы заңға енгізілмек.

Алдын ала есептеулер бойынша рақымшылықты шамамен мың бес жүз адам пайдалана алады.

Оқиға кезінде қылмыс жасаған лаңкестер мен сатқындарға рақымшылық жасалмайды.

Бүгінгі күні қаңтар оқиғасы бойынша қылмыс жасаған 1112 сотталушының 128-і бас бостандығынан айырылды.

Заң бойынша алдағы жарты жылда 40-тан астам сотталушы мен 50-ге жуық адам түрмеден босатылады.

Жеңіл және орташа қылмыстар мен теріс қылық жасаған 171 адам қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады.

Сондай-ақ сотталғандарға рақымшылық жасалу туралы нақты шешім сот тарапынан әр адам үшін жеке-жеке қабылданатын болады.

Тоқаев 1 қыркүйек күні халыққа үндеуінде қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар