Қазақстанда 20 қарашада сайлау өтеді
Қазақстан президентінің 6 үміткері сайлау алдындағы кампанияларын елдің барлық облыстарында жалғастыруда.

Қазақстанда 20 қарашада өткізілетін кезектен тыс Президенттік сайлаудың дайындықтары жалғасуда.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 139 халықаралық бақылаушыны бекітті.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға байланысты мәлімдеме жариялады. Сайлау комиссиясы 22 қыркүйекте 76 халықаралық бақылаушының бекітілгенін жариялаған болатын.
31 қазаннан бастап төрт халықаралық ұйымнан және үш шетелден 76 бақылаушы бекітілді.
Сайлауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі Парламентарлар Мәжілісінен бақылаушылар қатысады.
Қазақстан президентінің 6 үміткері сайлау алдындағы кампанияларын елдің барлық облыстарында жалғастыруда.
Президентті сайлау үшін елде 12 миллионнан астам дауыс беру құжаты дайындалады. Дауыс беру құжатында 6 үміткердің аты-жөнімен бірге "Бәріне қарсымын" деген талғам да қосылады.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 4 қарашада азаматтардың өз аймақтарындағы сайлау бекеттері мен тізімдерін тексере алатынын жариялады.