Армения Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Армения армиясы Әзербайжан бекіністерін нысанаға алды.

1890905
Армения Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Армения әскерлері Әзербайжан-Армения шекарасында атысты тоқтату келісімін бұзып, Әзербайжан бекіністерін нысанаға алды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде кеше кешкі уақытта Армения Қарулы күштері Әзербайжан-Армения шекарасындағы Келбаджар қаласының Алибайрамлы, Истису және Зейлик елді мекендері мен Гедебей қаласының Новоивановка жеріндегі Әзербайжан әскери бекіністерінің әртүрлі калибрлі қарулармен атқылағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлерінің тойтарыс бергені және барлық жауапкершіліктің Арменияға тиесілі екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар