Прагада төрттік кездесу

Төрт жақты кездесуде маңызды мәселелер  талқыланды.

1889597
Прагада төрттік кездесу

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Франция президенті Эммануэль Макрон, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Еуропа Одағы (ЕО) кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік орнату туралы төрт жақты кездесу өткізді.

Басшылар Еуропалық саяси қоғамдастықтың  отырысына қатысу мақсатымен Чехияның астанасы Прагада кездесті.

Шамамен бір сағатқа созылған кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Ильхам Әлиев олардың біртіндеп бейбітшілікке жақындағандарына үміттенетінін, Еуропа кеңесі төрағасы Мишельдің жұмысын жоғары бағалайтынын айтты. Әлиев «Төрт жақты кездесуде маңызды мәселелер  талқыланды, бұл кездесу бітімгершілік келісімге келу тұрғысынан маңызды болады деп ойлаймын. Байланыстар әлі де жалғасуда. Қазір бітімгершілік үдерісі жеделдетілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар