Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлері бас қосты

Байрамов пен Мирзоян кездесіп, елдері арасындағы бітімгершілік келісімінің шарттарын талқылады.

1887505
Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлері бас қосты

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян кездесіп, елдері арасындағы бітімгершілік келісімінің шарттарын талқылады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің Twitter парақшасында жарияланған жазбада екі елдің сыртқы істер министрлері кездесуінің Швейцарияның Женева қаласында өткені хабарланды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 30 қыркүйекте Армения мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында екі елдің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі келіссөздер 2 қазанда өтетінін мәлімдеген еді.

Пашинян кездесу барысында Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім жобасы дайындалатынын айтқан болатын.

Әзербайжан үкіметі кездесудің мазмұнына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар