Фатих Дөнмез Қазақстанға барды

Министр Дөнмез Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақовпен кездесті.

1885939
Фатих Дөнмез Қазақстанға барды

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қазақстан мен Әзербайжанның энергетика министрлерімен және Өзбекстан министрінің орынбасарымен кездесті.

Түрік Мемлекеттері Ұйымдарының Энергетика министрлері жиналысы үшін Қазақстанның Алматы қаласына барған Дөнмез жиын алдында Өзбекстан Энергетика министрінің орынбасары Азим Ахмедхаджаевпен бас қосты.

Министр Дөнмез үй иесі Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов және Әзербайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті.

Кездесулер барысында энергетика, әсіресе жаңартылатын энергия көздері, теңіздерде және құрлықта көмірсутектерді барлау салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар