Армения Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі аталмыш шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.

1884051
Армения Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Армения армиясының әскерлері шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудыруы салдарынан 3 әзербайжандық сарбаз жараланды. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде 23 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 19.30-23.40 арасында Армения армиясының Басаргечер қаласындағы Юкары Шоржа мен Чермук бекіністерінен Әзербайжан армиясы қоныстанған Келбеджар облысының Истису және Зейлик елді мекендеріндегі бекіністері, елді мекендеріне шабуылдады. 

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясынан 3 сарбаздың жараланғаны, жаралы сарбаздардың өміріне залал келмегені білдірілді. 

Әзербайжан сарбаздарының тойтарыс бергені атап көрсетілген мәлімдемеде оқиғаға жағдайды әдейі ушықтыруға тырысқан Ереван әкімшілігінің жауапкер екені айтылды. 



Ұқсас жаңалықтар