Ильхам Әлиев Лачын қаласын аралады

"Ешкімнің шақыруы, ешқандай мәлімдеме, барлық талпыныстар бізді тоқтата алмайды" деді Ильхам Әлиев.

1883227
Ильхам Әлиев Лачын қаласын аралады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 26 тамыз күні Әзербайжанның бақылауына өткен Лачин қаласына барды.

Президенттік сарайдың мәлімдемесіне қарағанда Ильхам Әлиев осында жасаған баяндамасында Лачын қаласының жаулап жату кезеңінде армяндар тарапынан қиратылғанын тілге тиек етті.

Президент Әлиев: «Лачынның кейбір жерлеріне армяндар заңсыз қоныстанған, Сирия мен Ливаннан армян текті адамдарды әкеліп, осында заңсыз орналастырған. Бұл барлық халықаралық келісімдерде әскери қылмыс ретінде айқындалған, әрі бұл әскери қылмыс. Бұл қылмыс әлемдік қоғамның көз алдында жасалып отыр".

"Әлемдік қоғам, халықаралық ұйымдар, осы мәселеге тікелей қатысты Еуропа Қауіпсіздік және ынтым ақтастық ұйымы Минск тобының басшылары бұған елеусіз қарады. Армениядан Қарабахқа, Қарабахтан Арменияға барып-келген кезде осы жерде заңсыз елді мекен с алынғанын, Әзербайжанға қарасты жер аттарының өзгертілгенін, тарихи Әзербайжан территориясы Лачынның армяндасқанын көріп отырса да, көздерін жұмды. Әзербайжан халқы мұны қабылдамайды" деп көрсетті.

Арменияның Әзербайжанға қарсы айтақтау және арандату әрекеттерін жасағанын, армяндардың жалғасты мина төсеп жатқанын айтқан Әлиев: "Біз бұған орай бермейміз.Арменияға көп мәрте ескерту жасадық. 13 қыркүйекте тағы арандату жүргізілгенде Әзербайжан армиясы қарымжы қайтарды. Мұның оларға сабақ болуын тілеймін. Бізді ешкім тоқтата алмайтынын түсінгендері жөн" деді.

"Ешкімнің шақыруы, ешқандай мәлімдеме, барлық талпыныстар бізді тоқтата алмайды. Еліміздеміз және территориямызды қорғаймыз" деді Әзербайжан лидері.



Ұқсас жаңалықтар