Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

Қазақстан президенті елде кезектен тыс президенттік сайлауын 20 қараша күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

1882863
Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

Қазақстанда 20 қараша күні кезектен тыс президенттік сайлауы өтеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президенттік сайлауын 20 қараша күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қол қойғаннан кейін жазбаша мәлімдеме жасаған Тоқаев маусым айында өткен конституциялық референдум аясында саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларда жүргізілген реформаларға тоқталып «Халқымыз саяси жүйені өзгерту жөніндегі жоспарларымыздың маңыздылығын жақсы түсінеді» деді.

Тоқаев Конституцияға сәйкес кезектен тыс президенттік сайлауды 2022 жылғы 20 қараша күні өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын атап «Бұл сайлау еліміздің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін үдерістің бастауы болмақ» деді.

Бұл сайлаумен елдің экономикасы мен қоғамдық әл-ауқаты саласында ұзақ мерзімді міндеттерді орындауға мүмкіндік беретінін атап көрсеткен Тоқаев «Жақын арада сайлау алдындағы мақсаттарымды жариялаймын. Қазіргі Президент ретінде сайлау үдерісінің әділ, ашық, отандық және шетелдік заңдарды қатаң сақтай отырып, орындалатынына кепілдік беремін» деді.



Ұқсас жаңалықтар