Қазақстан елшісі ТР Мәдениет министрімен кездесті

Кездесу барысында мәдениет және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

1882695
Қазақстан елшісі ТР Мәдениет министрімен кездесті

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Түркияның Мәдениет және туризм министрімен кездесті.

2022 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәдениет және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.

Елші Е.Сәпиев Қазақстанда аталмыш салаларды дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, тәжірибе алмасу бағытын нығайту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар ҚР Елшісі мәдениет саласында екіжақты қатынастарды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі М.Н.Ерсой Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған  барлық бастамаларды толық қолдайтынын және екі ел арасында жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін мәлімдеді.

 

Мәлімет және сурет елшіліктің баспасөз қызметінен алынды. 



Ұқсас жаңалықтар