Қырғызстан мен Тәжікстан арасында хаттамаға қол қойылды
Камчибек Ташиев пен Саймумин Ятимов Тәжікстанда кездесті.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстан кейін екі елдің арнайы қызмет басшылары арасында бейбітшілікке бағытталған хаттамаға қол қойылды.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчибек Ташиев пен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов Тәжікстанда кездесті.
Жиын барысында 16 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жарияланған атысты тоқтатудан кейін әскери күштерді шығару және жағдайды тұрақтандыру туралы хаттамаға қол қойылғаны айтылды.
Кездесуде Ташиевтің қақтығыс кезінде Тәжікстан тарапынан ұсталған 4 қырғыз сарбазының босатылуын қамтамасыз еткені айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Эрсин Татар ҰҚК жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Эрсин Татар «Жиналыстан кейін жасалған декларация бізді қуанышқа бөледі» деді.