Блинкен Әзербайжан және Армения министрлерімен кездесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джейхун Байрамов және Арарат Мирзоянмен кездесті.

1882047
Блинкен Әзербайжан және Армения министрлерімен кездесті

Соңғы күндері Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар ушығып жатса, екі ел арасындағы алғашқы байланыс Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында жүзеге асты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясы жиналыстарына қатысу мақсатымен Нью-Йоркке барған Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Кездесу алдында журналистерге қысқаша мәлімдеме жасаған Энтони Блинкен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен өткен соңғы кездесуінде екі лидердің де бейбітшілікке дайын екендіктерін айтқанын білдірді.

Блинкен "Күшті, тұрақты дипломатиялық қарым-қатынас - барлығына арналған ең жақсы жол. Армения мен Әзербайжан арасындағы келіспеушіліктерді әскери жолмен шешу мүмкін емес. Бірақ менің ойымша, келіспеушіліктерді дипломатия арқылы шешетін тұрақты бейбітшілікке жол бар. Америка Құрама Штаттары бұған дайын” деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған мәлімдемеге қарағанда, екі ел арасындағы соңғы шиеленістерден кейін тараптармен өткізген алғашқы кездесуінде Блинкен қақтығыс кезінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты. Бұдан әрі қақтығыстардың алдын алуға және бейбітшілік үдерісіне оралуға баса назар аударған хатшы Блинкен әріптестерімен келесі қадамның қандай болатынын талқылады және екі министрді осы айдың соңына дейін қайта кездесуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар