Армяндар көптеген мина төсеп кеткен

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения күштері төсеген минаға байланысты мәлімдеме жасады.

1881748
Армяндар көптеген мина төсеп кеткен

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Лачын аумағында арандатушылық үшін көмілген миналар барын хабарлады.

Армения Қарулы күштерінің ауқымды диверсиясы кезінде диверсиялық топтар мина төсеп кеткен жерлерді Әзербайжан әскері тазартуда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения күштері төсеген минаға байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «18 қыркүйекте Лачын ауданында жүргізілген минадан тазарту жұмыстарының нәтижесінде Ұлы Жарық тауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі алқаптан Арменияда шығарылған Э-001 М типті 122 жаяу әскерге қарсы миналар шығарылды. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес миналар тасымалданып, залалсыздандырылды” деп айтылды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні және 13 қыркүйекке қараған түні Армения армиясының шекараның Дашкесен, Келбаджер, Лачын және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылық әрекеттерін жасағанын хабарлаған еді.

Әзербайжан әскерінің шекарадағы кейбір позициялары мен баспаналары әртүрлі калибрлі қарулардан, соның ішінде минометтерден үздіксіз атқыланды.  Әзербайжан армиясы Армения Қарулы күштерінің атыс нүктелерін өшіріп, қақтығыстың кеңеюіне тосқауыл қою үшін жауап қайтарып, армян әскерлеріне үлкен шығын берді.

Әзербайжанның 80 сарбазы шейіт болса, Арменияда қаза болғандардың саны 135 деп жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар