Тоқаев өзбек әріптесімен бас қосты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты.

1880958
Тоқаев өзбек  әріптесімен бас қосты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты.

Өзбекстанның тарихи қаласы Самарқандқа барған Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Тоқаевтың басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулерін жалғастыруы жоспарлануда.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшыларының 22-ші отырысына қатысу үшін Өзбекстанға барған Тоқаевты әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Артынан Самарқандтағы Конгресс орталығына барған Қазақстан президенті Өзбекстан президентімен кездесті.

Тоқаев пен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Орталық Азиядағы ең ірі туристік орталығы болған «Жібек жолында» ағаш көшеттерін отырғызды. Одан кейін «Мәңгілік қала» кешені мен шығыс базарындағы көрмелерді аралады.

Самарқандта жаңадан салынған «Жібек жолы Самарқанд» халықаралық туризм аймағындағы конгресс орталығындағы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қонақжайлығымен басталған саммитке ұйымға мүше Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан және бақылаушы елдер болған Беларусь, Моңғолия және Иран мемлекет басшылары қатысты.

Түркия, Түрікменстан және Әзербайжан президенттері болса құрметті қонақ ретінде шақырылды.

ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының қатысуымен басталған жиында Мирзиеев ашылу сөзін айтып, отырыстың күн тәртібі туралы ақпарат берді.

Бұл саммиттің Ковид-19 індетіне байланысты соңғы 3 жылда бетпе-бет жүзеге асқан алғаш саммит екеніне назар аударылды.

Отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ның негізгі басымдығының аймақтық қауіпсіздікті нығайту болып табылатынын еске салды. Сондықтан қорғаныс ведомстволары арасында әскери-саяси ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

«Бұл жерде ШЫҰ мен Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды рөл атқаруы мүмкін» деді ол.

ШЫҰ-ның Самарқанд саммитінде ұйымның қызметін дамыту, аймақтық сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп және көлік салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, жасыл экономика, инновациялар, цифрлық технологиялар, логистика, ауыл шаруашылығы, медицина және басқа да салаларда бірлескен жобалар мен іс-шараларды қамтитын 30-ға жуық құжаттың қабылдануы болжалды.



Ұқсас жаңалықтар