Әзербайжан да шейіт саны 71-ге ұласты

Арменияның арандатушылық әрекеті нәтижесінде шейіт болған Әзербайжан әскері саны 71-ге жетті.

1880389
Әзербайжан да шейіт саны 71-ге ұласты

Әзербайжанда Арменияның арандатуы нәтижесінде шыққан қақтығыстарда шейіт болған әскер санының 71-ге жеткені хабарланды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ресми парақшасында шейіттердің тізімін жаңартты. Осыған сәйкес тізімде 12 қыркүйек күні Арменияның арандатушылық әрекеті нәтижесінде екі ел шекарасында болған қақтығыста шейіт болған 71 әскердің есімі орын алды.

Министрлік бұрынғы мәлімдемесінде 50 сарбаздың шейіт болғанын хабарлаған болатын.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні және 13 қыркүйек күні азанда Армения армиясының Әзербайжан шекарасының Дашкесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылықтар жасағанын хабарлаған болатын.

Әзербайжан әскерінің шекарадағы кейбір бекіністері мен баспаналары әртүрлі калибрлі қаруларға қоса минометтермен атқыланды. Әзербайжан армиясы Армения Қарулы күштерінің атыс құралдарын жою және қақтығыстың тарауының алдын алу үшін тойтарыс беріліп, армян әскерлеріне үлкен шығын келтірілген болатын.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қақтығыста 105 армян сарбазының қаза тапқанын жариялап, Әзербайжан болса Арменияның арандатушылықтарымен басталған қақтығыста қаза тапқан шамамен 100-ге жуық армян әскерінің мәйіттерін қайтаруға дайын екенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар